24 желтоқсан күні сағат 11.00-де Ақмола облысында Президенттік шырша өтті. Біздің мектептен оған 5 сынып оқушылары Рояк Тимур және Асылбекова Айжан қатысты. Балалар Ютуб және ZOOM платформалары арқылы театрландырылған қойылымды тамашалады, Жаңа жылды құтқаруға қатысты. Келе жатқан Жаңа жылмен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев балаларды құттықтап, балаларға сыйлықтар тұратын жеріне жеткізілетінін мәлімдеді. Мерекелік бағдарлама аяқталғаннан кейін мектеп-интернат директоры А.С. Мұстафинова сыйлықтар, тәтті сыйлықтар мен ақшалай сертификат Айжан Асылбековаға табыс етті. Рояк Тимурға құттықтау сөздері мен сыйлықтарын Өркен орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сарин Ж.Т., тұрғылықты жері бойынша ( Зеренді ауданы Өркен ауылы) табыс етті.