Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады.
Бірінші сынып оқушылырының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл - білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
• Ата - аналар мектепті алдын –ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай- ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
• Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
•Психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация қорытындысы
• Ата - аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• «Бала денсаулығы паспорты» 026/у -3 нысаны бойынша денсалық жағдайы туралы құжат;
• 063/ у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
• 3*4 көлеміндегі 2 фото
! Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.