5 қазан күні Қазақстан Республикасының білім саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі -Мұғалімдер күнін атап өтеді . Бұл күні мектеп -интернатта мерекелік концерт өтті. Осы ерекше күні мектеп залы болашақ ұрпақтың игілігі үшін еңбек етіп жүрген абзал жандарға толы болды. Мереке педагогтар мен педагогилалық еңбек ардагерлерінің басын қосты. Мұғалімдер мен тәрбиешілерге мектеп -интернаттың жетекшісі Мустафинова Алтын Сексенбайқызы жылы лебізін білдірді . Ерекше алғыс сөздер педагогикалық еңбек ардагерлеріне жолданды. Тәрбиеленушілер өздерінің ең жарқын нөмірлерін сыйлап, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ұстаздардың өздері де сахнаға сүйікті және танымал композицияларымен шығып, әріптестерін шығармашылықтарымен қуантты.