Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, №4 арнайы мектеп-интернаты" КММ Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуды қамтамасыз ету үшін мектеп-интернатта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Ата-аналар, оқушылар, сондай-ақ компьютерге немесе Интернетке қол жеткізе алмайтын қызметкерлер электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өз бетінше ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат алу үшін 1 қабатта көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттары орналастырылған стенд рәсімделді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпаратты 51-73-24 телефоны және мектеп сайтынан білуге болады http://sc0029.kokshetau.akmoedu.kz/. Мектеп-интернатының мекенжайы: Ақмола облысы , Көкшетау қаласы, Жұмағали Саин көшесі 20.
Бүгінгі таңда мектеп-интернат 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді
- "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау және құжаттарды қабылдау".
- "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру".
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.