2020 жылдың 14 желтоқсан күні Көкшетау қаласының, «№4 арнайы мектеп-интернаты» кітапханасында «16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері ұсынылған, экраннан «Желтоқсан желі ызғарлы» атты слайд-шоу көрсетілді.
Көрменің басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.
Кітапханашы: Батаева Ф.Д.