Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың назарына!

19.11.2020

Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың назарына!

Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, № 4  арнайы   мектеп – интернаты» КММ 2020 жылғы 19  қарашадан  8 желтоқсан аралығында Қамқоршылық кеңестің құрамына кіруге ниет білдірген тұлғалардың өтініштерін қабылдайтынын хабарлайды.

         Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;

9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

Өз өтінішіңізді келесі электрондық поштаға жіберу қажет: shkola-sl@mail.ru, sshi4@aqmoedu.gov.kz .

Анықтама телефоны: 31-76-55.

Просмотров: 458


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст