1 қыркүйек-Білім күні, оқушылар мен мұғалімдер үшін жаңа оқу жылының басталуы. Бұл мектептегі алғашқы қоңыраулар мен қуанышты көңіл-күй, гүлдердің молшылығы және, әрине, мектеп табалдырығын алғаш аттағандар үшін ең көп күткен күн. Дәстүр бойынша, бұл күні мектептерде салтанатты жиындар, сынып сағаттары, білім сабақтары өтеді. Ақмола облысы білім басқармасының « Көкшетау қаласы, №4 арнайы мектеп-интернаты» КММ – де « Сәлеметсіз бе, жаңа оқу жылы!» атты мектептік іс-шара өткізілді. Мектеп-интернат басшысы Мұстафинова Алтын Сексембайқызы оқушыларды бірінші оқу күнімен құттықтап, жаңа оқу жылы жемісті әрі табысты болғанын тіледі! Оқушылар алдында полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ералин Бақытжан Ерболатұлы құттықтау сөз сөйледі Бірінші сынып оқушылары үшін ең көптен күткен - сәт 9-сынып оқушысы Власюк Никита мен 1-сынып оқушысы Қайратова Алина берген "бірінші қоңырау" болды. Салтанатты жиында мектеп туралы өлеңдер мен әндер айтылды. Мереке соңында мектеп түлектері 1-сынып оқушыларын өмірлеріндегі алғашқы сабаққа апарды.