22 мамыр күні мектепте 4-сыныпта «Қош бол бастауыш мектебі» бітіру кеші өтті. Бұл мектеп өмірінің маңызды кезеңін қорытындылайтын бастауыш мектеппен қоштасу мерекесі.
Іс-шара телебағдарлама түрінде өткізілді.
Бағдарламада :
“Ауа райы болжамы”
“Тарих дөңгелегі”
“Олар сөйлесін”
“Сіздер үшін, ата-аналар”.
“Бесінші сынып оқушысының анты”
“Ералаш”.
“Құттықтаулар”.
“Қорытындылар”
“Музыкалық үзіліс”
Мұғалімдер өз түлектеріне сыныпта әркім өзін танитын сипаттамасын дайындады!
Мерекеде балалардың орындауында өлеңдер айтылып, билер биленді.
Оқушылардың ата-аналары жауап сөз сөйледі. Өз сөзінде олар өз сыныбында сабақ берген барлық мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне алғыс сөздерін айтты, сондай-ақ сүйікті балаларына ақ тілектерін білдірді.
Мерекелік жақсы көңіл-күй атмосферасы ешкімді тыс қалдырмады. Бұған түлектердің, ата-аналардың, мұғалімдердің күлкісі ғана емес, олардың қуаныш пен бақыттың көз жасына толы көздері де куә болды. Сіздерге сәттілік, түлектер!