29-30 сәуір аралығында Астана қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық қашықтық фестивалінің қорытынды кезеңі өтті.
Фестивальдің негізгі мақсаты-ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар шығармашыл дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Фестивальге облысымыздың білім беру ұйымдарының ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылар қатысқан. Фестиваль 6 номинация бойынша өткізілді.
Фестивальдың қорытындысы бойынша облысымыздың келесі оқушылары диплом мен грамотамен марапатталды: «Вокалдық орындау: жеке ән айту, ымдау тілінде ән айту» номинациясында
I дәрежелі диплом-Лазарева Александра Көкшетау қаласының, «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ.Жетекшісі: Хасенов Даурен.
«Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер» номинациясында- грамота Өтеген Әсел Көкшетау қаласының, «№ 4 арнайы мектеп-интернаты» КММ. Жетекшісі: Бегайдарова Зиягуль.