2024 жылдың 19 сәуірінде бастауыш сынып апталығын әдістемелік біріздендіру жоспарына сәйкес 0 «Г» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: 18 Саны. Есептерді шешу
Мақсаты: сандармен танысуды жалғастыру, сандық қатарды қалпына келтірудегі және оның көрінетін элементтері бойынша графикалық бейнені қалпына келтірудегі жаттығуларға негізделген зейін мен есте сақтауды түзету; математикаға деген қызығушылықты, алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақ балаларға үй салуға көмектескен тапсырмалар тізбегі түрінде өтті. Оң және сол жарты шардың дамуына нейро-жаттығулар жасалды. Сабақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өткізілді. Балалар іс-әрекет түрін өзгерте алатындай ойындар таңдалды: тақтадағы жұмыс, жұптағы жұмыс, карточкалармен жұмыс, өзіндік жұмыс. Сабақ қарқынды өтті, денешынықтыру минуты та қолданылды. Сабақ соңында тапсырмаларды тезірек орындаған оқушылар белгіленіп, әрқайсысы смайлик алды.