2007 жылдан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясы 2 сәуірді Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні деп жариялаған кез.
Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл күнді аутизм үшін барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа адамдармен тең дәрежеде қамтамасыз ету және ынталандыру мақсатында атап өтеді.
“Аутизм” терминін (грекше “autos” - өзі) алғаш рет 1920 жылы әйгілі швейцариялық психиатр Е. Блейхер енгізген. Ол аутизмді әлемнен қоршалып, өзіне-өзі үңілу деп түсінді.
Аутизм-әлеуметтік қарым-қатынас пен өзара әрекеттесудегі тән сапалық ауытқулары бар жалпы даму бұзылыстары тобындағы психикалық бұзылыс; мүдделер мен әрекеттердің шектеулі стереотиптік, қайталанатын жиынтығы.
“Жаңбыр баласы”деп аутизммен ауыратын баланы атайды. Көптеген ата-аналар баласы үш жасында сөйлей бастамаса, ересектермен және құрдастарымен байланысқа түспесе, бұл оның жеке ерекшелігі , жеке тұлғалығы деп санайды. Сондықтан дәрігерлерден “аутизм” диагнозын естігенде, олар бұған ұзақ уақыт сене алмайды. Ал аутист бала қалыпты адамдар әлемінде өмір сүргенде ыңғайсыздықты сезінеді. Ол олардың сезімдерін де, эмоцияларын да түсіне алмайды.
Бір ай ішінде мектеп - интернатта аутизм туралы ақпаратты таратуға арналған іс-шаралар айлығы өтеді, онда түрлі іс-шаралар ұсынылады.