Текст
20 наурыз – ұлттық ойындар күні. Бұл күні бейімді дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 5-10 сынып оқушылары арасында ұлттық ойындардан спорттық жарыстар өткізді. Ұлттық ойындар – біздің тарихымыз, мұрамыз, салт-дәстүріміз. Қазақ халқының ойындарының бір ерекшелігі – күш пен төзімділікті сынау.
Ұлдар мен қыздар «Оқтау тартыс», «Асық ату», қазақ күресі, «Арқан тарту» сынды ойындардан бақ сынады.
Әр халықтың этностардың, мемлекеттің тарихынан бастау алатын өзіндік ұлттық ойындары бар. Қазақтың ұлттық ойындары ұлттық рухты толқытып, көтеретіндігімен ғана емес, дене дамуына пайдасымен де ерекше.