Текст
Наурыз-жаңа жылдың басталуын бейнелейтін көптен күткен көктем мерекесі. Бұл қазақ халқы арасында құрметке ие болған ұлы күн .Наурыз мерекесі 22 наурызға сәйкес келеді . Бірақ біздің мектепте ол 19 наурызда тойланды.Мерекеде әндер шырқалды, күлкілі әзілдер айтылды. Әрине, қонақтарсыз мереке болмайды: әйгілі көңілді Алдар-Көсе, сұлу Наурыз өзінің Наурыз апасымен және Ұлы Данышпан сияқты меймандар қонаққа келді.
Өте әдемі “Беташар” рәсімі көрсетіліп, спорттық жарыстар өтті. Наурыз мерекесі күндері молшылық пен берекені бейнелейтін көптеген тәттілер дайындалды. Сондықтан іс-шарада бай дастархан жайылып, наурыздың ең басты дәмі- наурыз көже ұсынылды.