8-29 ақпанда Ақмола облысының арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына арналған “Арнайы білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру”атты облыстық семинар өтті.
Семинар бағдарламасы бойынша фокус-топтардағы жетекшілер мен педагогтар «Педагог белсенділігін реттеу факторы ретінде мотивация, “Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру шарты ретінде қазіргі педагог имиджі”, “Педагогтердің даму шарты ретінде HARD және SOFT - дағдыларды интеграциялау”, “Педагог қызметіндегі ғылым және зерттеу”сияқты тақырыптарды талқылады.
“Үздік педагогикалық практика” әдістемелік сағаты аясында біздің мектептің педагогтары, “Арнайы мектептің үздік педагогы” республикалық кәсіби шеберлік сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дефектолог-мұғалім Сейлканова Әлия Серікқызы, тәрбиеші Азкенова Әлия Амангелдіқызы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жаңа технологияларды пайдалана отырып, шеберлік сабағын көрсетті.
Іс-шара сертификаттар мен алғыс хаттарды табыстаумен аяқталды.