📚Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған “№4 арнайы мектеп-интернат” КММ оқушылары Көкшетау қаласының № 10 өрт сөндіру бөліміне барды. Тәрбиеленушілерді Көкшетау қаласының 10-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Серік Әділет Алтынбекұлы қарсы алды.Өртті сөндіруге шығатын жабдықты,арнайы киімді көрсетті. Жігіттер өрт сөндіру кезінде өрт сөндірушілер қолданатын оттегі баллоны мен маскасын киіп,өздерін өрт сөндіруші сияқты сезінуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, балалар өрт сөндіру машинасының жүргізушілері болып, қысқа уақытқа сезінді. Экскурсия соңында ТЖ кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтау ұсынылды, өрт сөндіру қызметінің нөмірлері -101,112 еске алынды. Экскурсия қызықты әрі танымды өтті.
Экскурсияның мақсаты: ТЖ қауіпсіз мінез-құлқының негіздерін үйрету,өрт сөндіруші мамандығына қызығушылық пен құрмет тудыру.