29.02.2024 жылы логопед-мұғалімдер ӘБ апталығының жоспарына сәйкес, логопед-мұғалім Н.Б. Касейнова үшінші сынып оқушысы Әлиаскар Әміржановпен жеке сабақ өткізді. Ашық сабағының тақырыбы: “Қазақ хандығы қалай құрылды” және “С” дыбысын буындарда, сөздерде автоматтандыру. Жеке логопедиялық сабақ ФА және ЕҚД-дың 2 кезеңін қамтиды, айтылуды қалыптастыру және есту қабылдауын дамыту. Артикуляциялық гимнастика, тыныс алу гимнастикасы, ЕҚД бойынша жұмыс, саусақ гимнастикасы, сондай-ақ “С”дыбысын автоматтандыру бойынша жаттығулар жүргізілді.
Сабақта практикалық, ауызша жұмыс әдістері қолданылды, түрлі-түсті көрнекі материалдар таңдалды. Тапсырмалар танымдық және түзету-дамытушылық сипатта болды. Барлық материалдар оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып таңдалды.
Оқушы белсенді болды, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақ жылы және мейірімді жағдайда өтті. Сабақтың мақсаттарына қол жеткізілді