Текст
📚27 ақпанда есту кабинетінде жеке оқыту мұғалімдерінің ашық апталығы аясында есту кабинетінің дефектолог-мұғалімі А. К. Кулбаева есту қабілетін дамыту, фонематикалық айтылуларын дамыту бойынша «Қысқы орман бояулары»атты сыныптан тыс топтық іс-шара өткізді. 3-4 сынып оқушылары қыс мезгілі туралы түсініктерін бекітті, жансыз табиғаттағы қысқы құбылыстармен танысуды жалғастырды, жабайы орман жануарларының дыбыстарын ажырата білді, табиғи құбылыстардың дыбыстарын тыңдады, танымдық ойындарға қатысты, сұрақтарға жауап берді. Балалардың сөздігі жаңа сөздермен, ұғымдармен толықтырылды. Оқушылар «Қысқы орман бояулары» суреттер көрмесін дайындады, онда олар қысқы орман пейзажы туралы өз көзқарастарын бейнеледі.