Текст
2024 жылдың 6 ақпанында логопед – мұғалімдер апталығының ашылуы өтті.
Ашық аптаның тақырыбы “Логопедиялық палитра”.
Мақсаты: есту зейіні мен есту қабылдауын, сөйлеу емес материалды қабылдау үшін сенсорлық базаны дамыту. Мұғалім мен жолдастарды тыңдай білуге тәрбиелеу. Тапсырмаларды орындау кезінде өзбетінше жұмыс жасауды тәрбиелеу. Түстерді бекіту.
Аптаның ашылуы 2-5 сынып оқушылары үшін өткізілді. Басты кейіпкер суретші болды. Желіде суретші 2-5 сынып оқушыларына түрлі-түсті конверттер таратты. Әр сыныпқа бекітілген түстер: 2-сынып-ақ, 3 - сынып-көк, 4-сынып-жасыл, 5-сынып-сары. Апта бойы бұл түс сыныптың символы болады. Іс-шараның соңында оқушылар Логопед – мұғалімдердің жұмыс жоспарымен танысты.