«Бір шаңырақ астында» атты тәрбиешілер апталығы аясында 5-10 сынып оқушылары арасында ”Былғарыдан бұйымдар жасау” мастер-класс өткізілді. Тәрбиеші Ордабаев Ерден Жұмағалиұлының жетекшілігімен балалар былғары шеберінің қолөнерімен танысты.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, былғарыдан жасалған бұйымдарды тоқу дағдыларын дамыту, еңбекке деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Мастер-класс слайд-презентациямен сүйемелденді, онда былғары бұйымдарының тарихы, жұмыс құралдары және, әрине, былғарыдан жасалған бұйымдардың алуан түрлілігі бейнеленген.
Мастер-класс танымды және қызықты өтті, оқушылар білезік тоқудың қызықты процесіне белсенді қатысты.
Іс-шараның мақсаты -оқушыларға кәсіби бағдар және кәсіпті игеруге қызығушылық туғызу болды.
Мастер-класс нәтижесі-өз бетінше жасаған балалардың былғары білезіктері оқушылардың да, ересектердің де жағымды эмоционалды көңіл-күйі.