Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Қазақстан ауылдары бойынша виртуалды саяхат”

09.02.2024

2024 жылғы 30 қаңтарда тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі апталығын өткізу шеңберінде 5-10 сынып оқушыларына арналған “Қазақстан ауылдары бойынша виртуалды саяхат” іс-шарасын тәрбиешілер С.А. Чернышова, Н.К. Журавлева өткізді. Балалар өз Отанының қалай аталатынын еске түсіруге көмектескен жігітпен кездесті, бірнеше ауылдарда болып, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты. Ұлттық тұрғын үй-киіз үй, ыдыс-аяқ, киім, ұлттық тағамдар, музыкалық аспаптар туралы білді. “Шашу” , “Тұсау кесу” рәсімдерін өткізуге қатысып, “Орамал” , “Арқан тарту”қазақ ұлттық ойындарын ойнады.
Іс-шара қызықты, көңілді, танымды өтті. Бұл саяхаттың мақсаты өз халқының мәдениетіне, тіліне және дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік арқылы басқа халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтейтін мәдени адамды қалыптастыру болды.

Просмотров: 133


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст