Ағымдағы жылдың қаңтардың 29 күні «Бір шаңырақтың астында» тәрбиешілер апталығы аясында 0 «А» сыныбының тәрбиешісі Уразбекова А.У. «Әліппе. Сауат ашу» мен «Қызықты математика» пәндерінен ашық өзін-өзі даярлау жұмысын өткізді.
Өзін-өзі даярлау жұмысының тақырыбы: Дыбыстар әлеміне саяхат. Сан және санау. Мақсаты: дыбыстардың айтылуы, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету; 1-ден 10-ға дейін тура және кері санауды меңгерту, дидактикалық ойындар арқылы ақыл-ой белсенділігін арттыру.
Өзін-өзі даярлау жұмысы балалармен шаттық шеңберін құрумен басталса, кейін артикуляциялық жаттығу мен тыныс алу жаттығуларымен жалғасын тапты.
Оқушылар сұрақ-жауап әдісі арқылы жыл мезгілдерін, айларды қайталады.
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы дыбыстар әлеміне саяхат жасады.
«Қызықты математика» пәнінен оқушылар көрнекілік әдісі арқылы 1-ден 10-ға дейінгі сандарды ретімен және кері санап қайталады. Сонымен қатар «Кеспе карточкалар» мен «Жоғалған сандар» сияқты түрлі тапсырмаларды орындап шықты.
Өзін-өзі даярлау жұмысының қорытынды кезеңінде оқушылар сурет салды.
Жалпы өзін-өзі даярлау жұмысы барысында тиімді әдіс-тәсілдер қолдануымен өзін-өзі даярлау мақсатына жетті. Қамтылмай қалған тапсырмалар болмады. Оқушылар белсенді түрде қатысып, өз ойларын толық жеткізіп, пікір алмасып, барлық дағдыларды орындап отырды.