« Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі» әдістемелік бірлестігінің ашық аптасы жоспары бойынша
« Кез келген еңбек- құрметті, кәсіптер әлемі үлкен» тақырыпта еңбек мамандықтармен танысу мақсатында 9-10 сынып оқушылары “НОВОПЭК”ЖШС кәсіпорнына экскурсиямен барды.
Экскурсияның мақсаты-кәсіпорынның қызметімен, өндіріс техникасымен және технологиясымен танысу.
Бүгінгі таңда “НОВОПЭК” ЖШС сусымалы жүктерді орау бойынша кешенді шешімдерді өндіру және енгізу бойынша Қазақстан нарығында көшбасшы орын алады.
Кәсіпорын өкілдері оқушыларды өндірісте қолданылатын технологиялық жабдықтармен таныстырды, кәсіпорынның бүгінгі таңда қандай мамандарға мұқтаж екенін, үміткерлерге қандай талаптар қойылатынын айтты.
Сапар барысында балалар кәсіпорында қандай бұйымдар жасалатыны туралы қызықты фактілерді білді, олар: полипропилен шүберек, полимерлі пленкалар, сөмкелер, қорап-клапан шүберек сияқты бұйымдар.
Мұндай іс-шаралар таңдалған мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастырады, түлек осы қызмет саласына қанша дайын екендігі туралы ойлануға мәжбүр етеді, бүгінде еңбек нарығында қандай қызметкерлер қажет екендігі туралы түсінік пайда болады.