“Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі” әдістемелік бірлестігінің ашық аптасы жоспары бойынша
“Кез келген еңбек- құрметті, кәсіптер әлемі- үлкен” тақырыпта еңбек мамандықтарымен танысу мақсатында 7-8 сынып оқушылары экскурсиямен “Блэк”ЖШС кәсіпорнына барды. Сапар барысында балалар Көкшетау ағаш шеберлері қандай бұйымдар жасайтыны туралы қызықты фактілерді білді. Көрме залында балалар ағаш ыдыстардың, ыдыс-аяқтардың, жиһаздардың әр түрлі түрлерін көрді. “Блэк” ЖШС қызметкерлері балаларға бұл өнеркәсіптік ауқымда астау, тегеші кесе, сандықтар, қазақ үстелдері және қазақтардың тұрмысындағы басқа да заттарды шығаратын Қазақстандағы алғашқы зауыт екенін айтты. Біздің мектептің түлектері басқа шеберлермен бірге жұмыс істейтіні туралы ақпарат қызықты болды. Сондай-ақ, балаларға өндірістің қалай жолға қойылғандығы туралы ақпарат берілді.
Шикі ағашты сұрыптаудан бастап, қоймадағы дайын өнімді орауға дейін жасаудың барлық жолын көрсетті..
Экскурсия соңында оқушылар педагогтармен бірлесіп ақпараттық хабарламаны, көзқарасты, пікірлерді қамтитын “Бұл қалай болды” ақпараттық-релизін жасады.