23 қаңтар күні “Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі” әдістемелік бірлестігінің ашық апталығы аясында бейімделгіш дене шынықтыру мұғалімі А.Е. Шарипов 3-4 сыныптар арасында “Өз мүмкіндіктеріне сену”тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар өрт сөндіруші, құтқарушы, дәрігер, құрылысшы сияқты мамандықтармен танысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты: салауатты өмір салтына оң көзқарасты қалыптастыру, дәлдікті, ептілікті, жылдамдықты дамыту.
Тапсырмалар:
* Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
* Дене шынықтыру мен адамгершілік бірлігін тәрбиелеу;
* Балалардағы спорттық және моторикалық дағдыларын дамыту;
* Салауатты өмір салтын насихаттау;
Іс-шара барысында балалар ойынға кіріп, бір-біріне қолдау көрсетті. Олар әр тапсырманы қуана орындады, қателіктер болды, бірақ балалар көтеріліп, соңына дейін жүгірді, эстафетаны команданың келесі ойыншысына тапсырды. Эстафеталар 3-4 сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындалды. Іс-шараның қорытынды бөлімінде оқушылар грамоталармен
марапатталды.