22 қаңтар күні “Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі” әдістемелік бірлестігінің ашық апталығы аясында ,түзету ритмиканың мұғалімі Ж.К. Қазиева 6-сыныпта “Өнер және мәдениет саласындағы мамандықтар”тақырыбында ашық сабақ өткізді. Түзету ритмика сабағы стандартты емес форматта, сахналау түрінде өтті. Оқушылар шығармашылық мамандықтар туралы білімдерін кеңейтті, хореограф, дыбыс инженері, музыка мұғалімі, дирижер, стилист, мобилограф рөлдерінде өнер көрсетті. Сабақтың негізгі мақсаты, білім алушылардың шығармашылық мамандықтар туралы білім деңгейін анықтау, болашақ мамандықты таңдауда оқушыларға кәсіптік бағдар беру, кез келген кәсіп пен еңбектегі адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу, топта және өз бетінше жұмыс істеу, өз қызметін жоспарлау және бағалау қабілетін дамыту. Сабақтың мақсаттарына қол жеткізілді, сабақ жоғары кәсіби деңгейде өтті.