Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дұрыс сөйлеу» рөлдік ойындар фестивалі.

07.12.2023

Оқушылардың басқалармен ауызекі сөйлеуді меңгерудегі мотивация деңгейін арттыру, ақпаратты берудің, бөлісудің және қабылдаудың негізгі тәсілі ретінде сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру мақсатында мектеп-интернатта 5-7 сынып оқушылары арасында «Дұрыс сөйлеу» рөлдік ойындар фестивалі өтті. Бұл іс-шараның негізгі міндеті-балалардың рөлдік ойын арқылы нақты жағдайда әрекет ету қабілетін қалыптастыру, осы ойында адамдардың әр түрлі әрекеттері мен мінез-құлық формаларын модельдеу. Логопедтер мен топтық сабақ мұғалімдері, тәрбиешілер әлеуметтік – коммуникативті, танымдық, сөйлеу, физикалық және көркемдік-эстетикалық дамудың бірқатар міндеттерін қойды.
Фестиваль басталғанға дейін дайындық кезеңі өтті. Логопедтер мен Есту қабілетін дамыту, Айтылымды қалыптастыру бойынша топтық сабақ мұғалімдері оқушылардың жеке және есту ерекшеліктерін ескере отырып, хабарламалар мен диалогтарды қамтитын сценарий жоспарын, сөйлеу материалын жасады.
Ойынның белсенді қатысушылары барлық сынып оқушылары болды. 5-сыныпта балалар «Лакомка «Кафесі» сюжеттік-рөлдік ойынында өздерінің білімдері мен дағдыларын, сөйлеу белсенділігін көрсетті. Оқушылар аспазшы, әкімші, даяшы, күзетші мамандығы туралы білді, мәзір бойынша тағамдарды таңдауды, тапсырыс беруді, тапсырысқа дұрыс төлеуді үйренді. Оқушылар сөйлеу белсенділігін, ойынға деген қызығушылықтарын көрсетті.
6 сынып оқушылары «Өрнек» сән үйі компаниясының бас директорының, менеджерлерінің, тапсырыс берушілерінің бейнесіне енді. Балалар бүкіл ұжымның жұмысын көрсетті, үлкен тапсырыс берушімен іскерлік кездесу өткізді, Ұлттық киім өндірісі, оны өндіру, сату бойынша үлкен тапсырысты қабылдады. Балалар қызығушылық танытты, белсенді, мейірімді болды. Басқалармен сөйлеу қарым-қатынасында еркіндік байқалды.

Просмотров: 2381


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст