Көркем еңбек бойынша 5 сыныпта ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы: « Әр түрлі заттан жасалған сәндік бұйым. Бұйым жасау. Құс қоректенгіргіш жасау.» Сабақ күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес өтті.
Бұл сабақтың негізгі мақсаты- “Өз шығармашылық идеяларын жүзеге асыру үшін қолөнерді орындау дағдыларын қалыптастыру”.
Сабақ формасы- оқушылардың практикалық жұмыстарын қолдана отырып біріктірілген сабақ.
Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Есту қабілетін дамыту бойынша жұмыстар сабақтың барлық кезеңдерінде өтті, экранмен жұмыс істеу әдістері қолданылды. Оқушылардың сөйлеуін дамыту (сөздік қорын байыту және күрделендіру, оның мәнерлілігі). Оқушылардың ойлау процесіне «Әр құралға жұп таңдау”ойыны пайдаланды. Лукьянов Даниламен жеке жұмысқа ерекше назар аударылды, оған «Құсты тап», «Құстарды бояу» тапсырмалары ұсынылды
Оқушының жұмыс орны ұтымды ұйымдастырылды: құралдар, керек-жарақтар.
Оқушылардың жақсы жұмысына түрлі-түсті және қызықты орындалған көрнекі демонстрациялық құралдар ықпал етті.
Сабақ жүйелі түрде өтті, материал қол жетімді, болды.
Сабақтың мазмұны пәндік аптаның экологиялық тақырыбымен байланысты. Балалардың танымдық қызығушылықтары дамыды, оқу жұмысы белсенді болды.
Сабақ жағымды эмоционалды жағдайда және жұмыс атмосферасында өтті.
Сабақ соңында балалар «Рефлексивті мақсат»рефлексиясы арқылы өз жұмыстарын талдады.