Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу қарсаңында “Көкшетау қ., №4 арнайы мектеп – интернатында” қазақстандық отансүйгіштік пен танымдық белсенділікке тәрбиелеу мақсатында 23 қазан күні 5-10 сынып оқушыларына арналған “ Сенімен мақтанамын, менің Қазақстаным!». “Достық” және “Отан” екі командасы арасындағы жарыс түріндегі мереке танымдық және мазмұны жағынан алуан түрлі болды . Оқушылар ел тарихындағы айтулы күндерді еске алып , үш тілде тақырып бойынша жұмбақтар шешіп, басқатырғыштар құрастырды. Сондай-ақ, балаларға мұғалім мен тәрбиеленушінің қатысуымен домбыра үнімен туған жерге деген сүйіспеншілік туралы айтылатын аңызды сахналау өте ұнады , бұл ұлттық рухани сананың ерекше атмосферасын берді. Соңында балалар республикаға өз тілектерін жазып, ел картасына тіркеді. Іс-шара барысында балалар белсенділік пен қызығушылық танытты. Республика күні мерекесі барлық қатысушылар мен көрермендерге ұнады. Жас азаматтардың атынан Отанымыздың одан әрі дамуына және жаңа биіктерге жетуіне тілектеспіз!