18.10.2023 жылы гуманитарлық цикл апталығы аясында № 4 мектеп-интернатында "WE LIKE ENGLISH" тақырыбында "Тілдік марафон"сыныптан тыс іс-шарасы өтті.
Мақсаты: оқушылардың ағылшын тілін үйренуге және оқытылатын тіл еліне, Ұлыбританияның дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шараны өткізу нысаны: (викторина) оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдалды (5-7 сыныптар арасында). Сыныптан тыс іс-шара екі команда арасындағы жарыс түрінде өтті, бұл топтарда жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал етті. Оқушылармен ұжымдық, топтық жұмыстың әдістері қолданылды. Осы әдістердің үйлесімі оқушылардың бұрын меңгерген материалды игеруін көруге мүмкіндік берді. Іс-шара ағылшын және орыс тілінде өтті. Марафон өткізу барысында оқушылар белсенділік танытып, тәртіптілікті көрсетті. Іс-шараны өткізудің бұл нысаны оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына сәйкес келді
Бұл сыныптан тыс іс-шара сәтті өтті. Балалар бір-бірімен қызығушылықпен диалогқа түсіп, жаттығулар ,тапсырмалар орындау кезінде топтарда белсенді жұмыс істеді. Жарыс барысында сыныпта достық пен өзара көмек атмосферасы орнады. Іс-шара соңында барлық оқушылардың белсенділігі үшін қорытындылар шығарылып, бағалар қойылды.
Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері іске асырылды. Балалар эмоционалды және эстетикалық қанағат алды.