Есту қабілеті нашар оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруды және олардың есту-сөйлеуін біртұтас етіп дамытуды қамтамасыз ететін есту-сөйлеу ортасын ұйымдастыру бойынша түзету-дамыту жұмыстары мақсатында 2-3 сынып оқушылары арасында "Әдемі сөйлеу мерекесі" атты сюжеттік-рөлдік ойындарына байқау өткізілді.
Есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасауда мұғалімнің алдында тұрған негізгі міндет-бастауыш сынып оқушыларының басқалармен ауызекі сөйлеуді меңгерудегі мотивация деңгейін арттыру, сөйлеу дағдыларын дамыту үшін есту-сөйлеу ортасын пайдалану және өз айтылымын өзін-өзі бақылау дағдыларын жетілдіру.
Байқау басталғанға дейін дайындық кезеңі өтті. Логопедтер мұғалімдермен және тәрбиешілермен бірге оқушылардың жеке және есту ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлеу материалын, ойын сюжетін жасады. Барлық оқушылар рөлдік ойындарға, диалогтарға белсенді қатысты. 2-сыныпта балалар "Күзде туғандар күні" сюжетін көрсетті, сыныптастарын құттықтады , өлеңдер айтты, жұмбақтар шешті, қызықты ойындар ойнады. Мұның бәрі музыкалық және дыбыстық композициялармен сүйемелденді, тақтайшалар қолданылды.
3-сынып оқушылары "Жедел жәрдем" ойынын көрсетті. Сыныпта рөлдік ойынды дамыту үшін жағдайлар жасалды (жиһаз орналастырылды, тақтайшалар қолданылды), жабдықтар мен материалдар (медициналық заттар-шприцтер, таңғыштар, мақта, фанендоскоптар, дәрі-дәрмектер, термометрлер және т.б.), халаттар, медициналық персоналға арналған бас киімдер дайындалды. Жабдықталған жедел жәрдем де орын алды. Балалар рөлдік ойынды қызығушылықпен ойнады, осы тақырып бойынша жақсы білім деңгейін көрсетті, анық, әдемі сөйлеуге тырысты.