5 қазан күнің мерекелеу Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен үндестірілді. Бұл мереке ең ізгі, жауапты және аса маңызды мамандық өкілдерін біріктіреді.
Осы күні Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республикалық педагогтар съезі өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 700-ге жуық мұғалім қатысты. Алаңдарда ұстаздар озық тәжірибелерімен және халықаралық тәжірибелерімен бөлісті.
Ақмола делегациясының құрамына әріптесіміз, тәрбиеші Әлия Амангелдіқызы Әзкенова кірді. Ол «Арнайы мектептің үздік тәрбиешісі» номинациясы бойынша арнайы білім беру жүйесінің педагогтарына арналған республикалық байқауға қатысып, екінші орынды иеленді.
Президент съезге қатысушыларды Ұстаздар күнімен құттықтап, педагогикалық қоғамдастық еліміздің жарқын болашағы жолында тынымсыз еңбек етуі тиіс екенін ерекше атап өтті.