Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің «Ұлы тұлғалар үндестігі» атты апталығы аясында Көкшетау қаласы, №4 арнайы мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиетінен 6-сыныпта «Ауылым-алтын бесігім» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, сұрақтарға дұрыс жауап беру. Тақырып бойынша сөздік қорды меңгерту. Сабақ күнтізбелік тақырыптық жоспарға сай өтілді. Сабақты әзірлеу кезінде оның барлық кезеңдері, оқыту мақсатына сәйкес тапсырмалары ойластырылды. Қойылған міндеттерді орындау бойынша бағалау критерийлері мен дескрипторлар құрастырылды. Күтілетін нәтижелер, жауаптар, тапсырмаларды орындау нәтижелері алдын ала ойластырылды.
Оқушылардың ақыл-ой қабілеттері, жеке және жас ерекшеліктері ескерілді.