Текст
2021 – 2022 оқу жылында гуманитарлық пәндер бірлестігінің «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» атты апталығының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Т.Закриинова 0«Г» сыныбында «Мектеп» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну, дұрыс әрекет ету. Өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. Мұғалім сабақта шаттық шеңбері арқылы психологиялық ахуал туғызды, артикуляциялық жаттығу жасатты, сергіту сәтін өткізді. Баллар суретпен жұмыс жасап, сұрақтарға белсенді жауап берді.