2021 – 2022 оқу жылында гуманитарлық пәндер бірлестігінің «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» атты апталығының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә.Ж.Мухамедрахимова 5-сыныпта «Қызғалдақты сақтайық!» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Оқушыларды берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беруге үйрету, шағын диалогке қатыстыру, күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсініп, сын есім туралы түсініктерін молайту; шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсете білуге, қоршаған ортаға мейірімділік, қамқорлық жасауға баулу. Сабақта оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дара қабілеттігін дамытуға мүмкіндік беретін бағдарлы білім беруге жол ашатын Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес оқыту мазмұнын, қоғам талабын ескеріп оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз бетінше міндетті және мүмкін деңгейлерді игере білуге үйрету көзделді.