28.05.2026
2026 жылғы 25 мамыр күні мектеп-интернатта оқу жылының аяқталуына және 10-сынып түлектерін үлкен өмірге шығарып салуға арналған «Соңғы қоңырау және аттестат табыстау» атты салтанатты іс-шара өтті.Мереке ерекше жылы әрі салтанатты жағдайда өтіп, ұстаздар, ата-аналар, білім алушылар, түлектер мен құрметті қонақтардың басын қосты. Бұл маңызды күні түлектер салтанатты түрде залға кіріп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Сонымен қатар жүрекжарды құттықтау сөздер мен ақ тілектер айтылды.Айтулы күннің қуанышын бөлісіп, түлектерге ізгі тілектерін білдіруге құрметті қонақтар қатысты: полиция генерал-майоры, Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы Мұқашев Нұрсұлтан Маратович және Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Тұтқабаева Бақытжан Жаулыбайқызы.Мерекенің ең маңызды сәті – түлектерге аттестаттар табысталып, ата-аналарға балаларын лайықты тәрбиелегені үшін алғыс хаттардың берілуі болды. Сонымен қатар, ұстаздардың, ата-аналардың, бүлдіршіндердің және оқушылардың құттықтаулары, түлектердің алғыс сөздері, шығармашылық нөмірлер, естелік сыйлықтар, шаммен қойылған әсерлі көрініс, мектеп бітіру вальсі мен соңғы қоңырау мерекенің ерекше көңіл күйін арттыра түсті.