21.05.2026
«Негештер еліне саяхат» атты бастауыш сыныптар апталығы аясында 1Ә сыныпта «Әліппе. Сауат ашу» сабағынан ашық сабақ болды.
Сабақ балалар үшін ерекше әрі қызықты өтті. Сабақ басында оқушылар қонақтармен амандасып, көтеріңкі көңіл күймен мотивациялық тақпақты айтты. Бұл олардың бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып, сабаққа деген ынтасын арттырды. Сонымен қатар, «Шар үрлеу», «Бегемот», «Күрек» сияқты жаттығулар арқылы балалардың тілдік және тыныс алу дағдылары дамытылды.
Сабақ барысында оқушылар «Негеш» досымен бірге ауылға саяхатқа аттанғандай әсер алды. Жолда түрлі тапсырмаларды орындау арқылы олар білімдерін шыңдады. «Дауысты дыбыстар елі» бөлімінде оқушылар әліпби, әріп және дыбыс туралы білімдерін қайталап, дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін үйренді.
Келесі тапсырмада балалар суреттегі сөздерді тауып, оларды ажыратты. Оқылым бөлімінде өлең оқылып, аталар мен әжелер туралы жылы сөздер айтылды. Бұл оқушылардың үлкендерге деген құрметін арттырды. Сергіту сәті арқылы оқушылардың шаршауы басылып, әрі қарай сабаққа белсенді қатысуы қамтамасыз етілді. Дәптермен жұмыс кезінде оқушылар жазу дағдыларын жетілдірді.
Жалпы, сабақ өте тартымды, мазмұнды және балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, жаңа білімді қызығушылықпен меңгерді.