20.05.2026
«Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1 «Б» сынып оқушыларымен «Қоянның лашығы» ертегісі бойынша театрландырылған қуыршақ қойылымы өткізілді.Оқушылар қойылымға үлкен қызығушылықпен қатысып, әрқайсысы өз өнерін, актерлік қабілеті мен шығармашылық белсенділігін көрсетті. Балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Сонымен қатар «Ертегілер еліне саяхат» атты қызықты викторина ұйымдастырылып, балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, сүйікті ертегілері мен кейіпкерлерін еске түсірді.Іс-шара жарқын, көңілді әрі танымдық деңгейде өтті. Оның басты мақсаты — балаларды көркем әдебиет оқуға баулу, қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік тәрбие беру және өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту.