Аутизм мәселесі туралы ақпараттандыруға арналған айлық аясында даярлық 0 «А» және 0 «Е» сынып оқушылары жоспарланған іс-шараларға белсенді қатысты. Айлық барысында аутистік спектр бұзылыстары бар адамдарға толерантты көзқарасты қалыптастыруға, эмоционалдық сезімталдық пен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.Балалар шығармашылық жұмыстарға қатысып, «Мейірімділік пен достық» тақырыбында суреттер салып, тақырыптық иллюстрацияларды бояды. Сонымен қатар мультфильм көрсетіліп, кейін талқылау жүргізілді. Талқылау барысында оқушылар өз эмоцияларын білдіруге және әсерлерімен бөлісуге үйренді. Ойын түрінде дидактикалық және қимылды ойындар өткізіліп, олар қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, топпен жұмыс істеуге, бір-біріне қамқорлық пен қолдау көрсетуге бағытталды.Сондай-ақ мектеп-интернатта аутизм туралы ақпараттандыру айлығына арналған ақпараттық көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты — аутистік спектр бұзылыстарының ерекшеліктері туралы хабардарлықты арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға түсіністікпен қарап, қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру. Көрмеде педагогтерге, ата-аналарға және білім алушыларға арналған ақпараттық материалдар, жадынамалар, мамандардың ұсынымдары мен көрнекі құралдар ұсынылды.Өткізілген іс-шаралар оқушылардың аутизмі бар адамдардың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтіп, құрмет, мейірімділік, төзімділік және әр адамның жеке ерекшеліктерін қабылдау қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал етті.