19.05.2026
Бастауыш сыныптардың ашық апталығы аясында 0 «Е» сыныбында «Қоршаған ортамен таныстыру және тіл дамыту» пәнінен «Дәруменді тағам» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты — оқушыларға пайдалы, дәруменге бай тағамдар туралы түсінік қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту және жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптастыру болды.Сабақ барысында оқушылар «дәруменді тағам» ұғымымен танысып, көкөністер мен жемістердің денсаулыққа пайдасы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, қысқа диалогтер мен тіл дамыту жаттығуларына белсенді қатысты.Сабақтың барлық кезеңдері өзара байланыста ұйымдастырылып, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталды. Ойын әдістері оқушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына және тақырыпқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.Оқушылар сабақ барысында:
🔹 сұрақтарға жауап берді;
🔹 тіл дамыту және фонетикалық жаттығулар орындады;
🔹 карточкалармен жұмыс жасады;
🔹 үлгі бойынша қарапайым сөйлемдер құрастырды;
🔹 диалогке қатысты.
Сабақ нәтижесінде балалар пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратуды үйреніп, қарапайым сөйлемдер құрастыру арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытты.Қолданылған әдіс-тәсілдер тиімді болып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне толық сәйкес келді.