Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дайындық сыныптарын әдістемелік біріздендіру апталығының ашылуы

19.05.2026

Тақырыбы: «Салауатты өмір салты»

Мақсаты:
Балалардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін ойын, қимыл-қозғалыс және жағымды эмоциялар арқылы қалыптастыру.                                                                                                                                                              Міндеттері:
🔹 пайдалы әдеттерге қызығушылықты дамыту;
🔹 дұрыс тамақтану, спорт және жеке гигиена туралы білімдерін бекіту;
🔹 оқушыларды белсенді әрекетке тарту.

Нөлдік сыныптарда «Салауатты өмір салты» тақырыбына арналған бастауыш буын апталығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара қызықты әрі ойын түрінде ұйымдастырылып, балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.Тәрбиеленушілер денсаулық туралы әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырмаларды ынтамен орындады. Балаларға ертегі кейіпкерлері — Леня, Грязнуля және дәрігер Айболиттің келуі ерекше әсер сыйлады.Бағдарлама барысында «Пайдалы — зиянды», «Көңілді жаттығу», «Пайдалы себетті жина» сияқты қызықты ойындар өткізілді. Балалар барлық тапсырмаларды қуанышпен орындап, белсенділік танытты.Іс-шара соңында балалар салауатты өмір салты ережелерін сақтауға уәде берді.Апталықтың ашылуы жылы, достыққа толы және көтеріңкі көңіл күй атмосферасында өтіп, балаларға жағымды эмоциялар сыйлады.

Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст