19.05.2026
Тәрбиешілер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өз мәресіне жетіп, барша қатысушыларға жарқын әсер, көтеріңкі көңіл күй және ұмытылмас сәттер сыйлады.Онкүндік барысында біз қуаныш, мұң, қорқыныш пен таңғалу сияқты түрлі эмоцияларды бірге сезініп, әр эмоцияның адам өміріндегі маңызын түсіне түстік.Біздің кейіпкеріміз қызықты саяхаттан өтіп, эмоциялардың адамға өзін және өзгелерді жақсырақ түсінуге көмектесетінін ұғынды.Онкүндіктің қорытындысы көңілді әрі әсерлі флешмобпен аяқталды.Балалар би, күлкі және көтеріңкі көңіл күй арқылы өз эмоцияларымен бөлісті. Іс-шара достыққа, шынайылыққа және жағымды әсерлерге толы атмосферада өтті.Барлық қатысушыларға белсенділіктері, шынайы сезімдері, жылулықтары мен қолдаулары үшін алғыс білдіреміз!
Бұл онкүндік көпшілікке жағымды эмоция сыйлап, жадымызда ұзақ сақталатыны сөзсіз.