Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10-сыныптағы ашық өзін-өзі даярлау сабағы

19.05.2026

14 сәуір күні тәрбиешілер әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында 10-сынып тәрбиешісі Имекешова Г.А. ашық өзін-өзі даярлау сабағын өткізді. Сабақ жоспарға сәйкес және есту қабілеті бұзылған білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылды.Сабақ барысында нақты ұйымдастыру кезеңі қамтамасыз етіліп, «Сөздер бұлты» әдісі арқылы жұмыс тәртібі мен жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастырылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, қызығушылық пен жұмысқа дайындықтарын көрсетті.Өзін-өзі даярлау кезінде түзете-дамыту міндеттері жүзеге асырылды: «З–С» дыбыстарын ажырату, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту және саналы оқу дағдыларын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілді. «Эмоциялар» тақырыбындағы мәтін оқушылардың эмоционалдық интеллектісін дамытуға ықпал етті.Сөйлеу жаттығуларының енгізілуі коммуникативтік дағдыларды дамытуға және қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік берді.Сабақтың негізгі бөлімі үй тапсырмаларын орындауға арналды. Жұмыс барысында сараланған тәсіл, жеке көмек көрсету, көрнекілік және практикалық әдістер қолданылды. Сонымен қатар, есту ерекшеліктері ескеріліп, есту аппараттары мен құлаққаптар пайдаланылды.Өзіндік тексеру және өзара тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, бұл оқушылардың жауапкершілігі мен дербестігін дамытуға ықпал етті.Оқушылардың жұмыс қабілетін сақтау мақсатында «Миды қайта жүктеу» атты сергіту сәті өткізілді. Ал «Сенемін – сенбеймін» ойын әдісі танымдық белсенділікті арттырып, сабаққа деген қызығушылықты күшейтті.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст