«Көңілді эмоциялар әлемі»

19.05.2026

0 «Ә» және 0 «Д» сыныптарында балаларға арналған қызықты әрі танымдық сыныптан тыс іс-шара өтті.Іс-шара барысында балалар эмоциялар әлеміне саяхат жасап, қуаныш, мұң, ашу, қорқыныш және ұялу сияқты негізгі сезімдермен танысты.Ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы тәрбиеленушілер:
🔹 эмоцияларды тануды;
🔹 өз сезімдерін дұрыс білдіруді;
🔹 бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйренді.

«Эмоцияны тап», «Эмоциялар қорабы» сияқты қызықты ойындар балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды.Іс-шара балалардың эмоционалдық дамуына оң әсер етіп, достыққа, өзара түсіністікке және мейірімділікке тәрбиелеуге ықпал етті. 

Просмотров: 106


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу