Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Достыққа толы Жер»

19.05.2026

Аутизм айлығы аясында 1 «Ә» ПДК сыныбында бейнелеу өнері сабағы өткізілді. Сабақтың тақырыбы — «Достыққа толы Жер» (қол іздері арқылы сурет салу).    Сабақтың негізгі мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, аутизм туралы қарапайым түсінік қалыптастыру, сондай-ақ достыққа, мейірімділікке және әртүрлілікті құрметтеуге тәрбиелеу болды.Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық жұмыстар арқылы өз ойлары мен эмоцияларын жеткізе білді. Қол іздері арқылы сурет салу балаларға ерекше қызығушылық сыйлап, олардың қиялын дамытуға мүмкіндік берді. Түрлі түстерді қолдану арқылы әр бала өз көңіл күйін бейнелеп, сабаққа ынтамен қатысты.Бірлескен жұмыс кезінде балалардың ынтымақтастығы мен бір-біріне деген қолдауы байқалды. Кейбір оқушыларға бояумен жұмыс жасау барысында аздаған көмек қажет болғанымен, жалпы тапсырманы орындауда қиындық туындамады.Сабақ кезеңдері өзара логикалық байланыста ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары балалардың жас ерекшеліктеріне сай қарапайым әрі түсінікті тілде жүргізілді. Жалпы, сабақ нәтижелі өтіп, тәрбиелік және дамытушылық маңызы жоғары болды. 

Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст