Текст
19.05.2026
31 наурыз күні «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалында мектеп-интернат басшысы, депутаттық фракция мүшесі Мустафинова Алтын Сексембайқызы республикалық референдумды өткізу қорытындысы бойынша жоғары құрметке ие болып, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Алғыс хатпен марапатталды.Бұл марапат — қоғамның дамуына, білім беру саласына қосқан үлесі мен халыққа адал қызметінің, жауапкершілігі мен қажырлы еңбегінің лайықты бағалануы.Мектеп ұжымы өз басшысының кәсібилігін, белсенді азаматтық ұстанымын, даналығы мен өз ісіне деген адалдығын ерекше мақтан тұтады.Алтын Сексембайқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, еңбегіне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен ел игілігі жолындағы қызметіне шабыт тілейміз!