Ақмола облысы білім басқармасының " Көкшетау қаласы, № 4 арнайы мектеп - интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Специальная  школа-интернат №4, город Кокшетау" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеңіске жетелеген жігер мен еңбек

19.05.2026

Орал қаласында есту қабілеті зақымдалған спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.Ақмола облысы мен «Мерген» спорт клубының намысын бұл додада 6 мықты спортшы қорғауда. Олардың қатарында мектебіміздің 9-сынып оқушысы Турарбек Мухамеджан да бар. Ол «Мерген» спорт клубының құрамында жарысқа қатысып, жоғары шеберлігін көрсетті. Сонымен қатар, мектебіміздің түлектері де өңір намысын республикалық деңгейде абыроймен қорғауды жалғастыруда.51 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған Мухамеджанды зор жетістігімен мақтан тұтамыз! Бұл — табандылықтың, тынымсыз еңбектің, темірдей тәртіп пен нағыз спорттық рухтың жемісі.Сондай-ақ спортшыны дайындаған жаттықтырушы Бекишев Ниязбек Хайруллиновичті шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің кәсібилігіңіз, шәкірттеріңізге деген сеніміңіз бен өлшеусіз еңбегіңіз осындай биік жеңістерге жетелеп келеді.Спортшыларымызға сәттілік, жарқын жеңістер және жаңа биіктер тілейміз!Алға, жаңа жетістіктерге! 

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст