«Су асты әлемінің тұрғындары. [Р] дыбысын автоматтандыру»
26.03.2026
МО логопед мұғалімдерінің ашық апталығы аясында 19 ақпанда логопед мұғалімі Кенебаева Л.К. «Су асты әлемінің тұрғындары. [Р] дыбысын автоматтандыру» тақырыбында ашық жеке сабақ өткізді.Сабақ жеке түзете-дамыту жұмысының күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Мақсаттар мен міндеттер түзете-дамыту, білім беру және тәрбиелік бағыттардың бірлігінде жүзеге асырылды. Қойылған міндеттерге әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы қол жеткізілді: сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер қолданылды.Сабақ барысында келесі дидактикалық қағидалар ескерілді: оқытудың көрнекілік принципі, саналылық пен белсенділік принципі, білімнің қолжетімділігі принципі, сараланған және жеке дара оқыту принципі.Сабақта сөйлеу тынысын дамытуға арналған жаттығулар, жалпы және ұсақ моториканы, артикуляциялық моториканы дамыту жаттығулары, сондай-ақ мимиканы, эмоционалдық-ерік саласын және дауыс күшін дамытуға бағытталған тапсырмалар қолданылды.Сонымен қатар дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру, зат есімдердің септік жалғауларын меңгерту және лексикалық тақырып негізінде байланыстырып сөйлеуді дамыту жұмыстары жүргізілді.