06.01.2026
23 желтоқсан күні 1–4 сынып оқушылары арасында «Гринч — Жаңа жылды ұрлаушы» атты жаңа жылдық мереке өтті.
Бұл күні мектеп залы күлкіге, әуенге және нағыз жаңа жылдық сиқырға толды. Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, Ақшақар, перілер мен эльфтермен бірге Айлакер Гринчтен Аяз атаны және Жаңа жылды құтқарды.
Көңілді билер, ойындар, жұмбақтар, шеңбер бойымен билер және, әрине, көптен күткен сыйлықтар балаларға шексіз қуаныш пен күлкі сыйлады. Ең бастысы — балалар мейірімділік, достық және ғажайыпқа деген сенім тіпті ең суық жүректі де жібіте алатынын дәлелдеді.
Мерекеге қатысқан барлық қатысушылар мен кейіпкерлерге жарқын әсерлер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлағандары үшін үлкен алғыс!
Жаңа жыл баршаға қуаныш, бақыт, шат күлкі және ең асыл армандардың орындалуын әкелсін!