06.01.2026
2025 жылы 25 қарашада ПДК-дің 2 “Ә” сыныбында (қазақ тілінде оқыту) «Балапан кафе»атты сюжеттік-рөлдік ойын өткізілді. Ойынның мақсаттары мен міндеттері:
- Оқушылардың диалогтік және монологтық сөйлеуін дамыту.
- Мамандықтар туралы қарапайым білімді қалыптастыру (аспаз, даяшы, кондитер, әкімші).
- Сыпайылық, достық, қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.
- Балалардың ынтымақтастығы, өзара көмегі және шығармашылық өзін-өзі көрсетуі үшін жағдай жасау.
Ойын барысында балалар түрлі рөлдерді ойнады: кафе иесі, аспаз, кондитер, даяшы және келушілер. Барлық қатысушылар бір-бірімен өзара әрекеттесу қабілетін көрсете отырып, ойынға белсенді және қызығушылықпен қосылды. Іс-шара достық, тікелей байланыс жағдайда өтті. Оқушылар мәзірмен танысып, тапсырыстар қабылдап, тағамдар ұсынып, қонақтарға қызмет көрсетті, қызығушылық, бастамашылық және шығармашылық танытты. Ойын сөйлеу және әлеуметтік дағдыларды дамытуға, топтық жұмыс дағдыларын нығайтуға және оқушылардың өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал етті.